Экономика • 01 Наурыз, 2023

Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін түсіндірді

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпан айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 445,66 теңгеге дейін 3,2% нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың бір күндегі орташа көлемі бір айда 103-тен 130 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін түсіндірді

Ұлттық банк өкілдері таратқан ақпаратқа сүйенсек, сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,6 млрд АҚШ долларына тең болды. Бір ай ішінде валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңгерімді болып, айырбастау бағамы нарық талаптарына сай қалыптасты.

«Бағамның нығаюы  «салық кезеңі» факторымен және шетелдік инвесторлардың ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарға кіруімен де байланысты болды», деді Ұлттық банк өкілдері.