Әлем • 01 Наурыз, 2023

Түркияда жер сілкінісінен кейін 188 мердігер қамауға алынды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін 188 құрылыс компаниясының басшылары мен мердігерлері қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда жер сілкінісінен кейін 188 мердігер қамауға алынды

Түркия билігі 11 провинцияда жер сілкінісінен қираған ғимараттарға тексеру жұмыстарын жүргізіп, 696 күдіктіні анықтады. Соның нәтижесінде 188 адам қамауға алынды.

Сондай-ақ жер сілкінісі болған аймақтарда ұрлық жасады деген күдікпен 306 адам ұсталды.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның бірнеше провинциясында 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Қаза тапқандар саны 42 мыңнан асты. Бұл жер сілкінісінен Сирия да қатты зардап шекті.