Әлем • 28 Ақпан, 2023

Малатиядағы жер сілкінісінен тағы бір адам қайтыс болды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Түркияның Малатия провинциясының Ешилюрт аймағында 5,6 балдық жер сілкінісінен екі адам қайтыс болып, 140-ы жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Малатиядағы жер сілкінісінен тағы бір адам қайтыс болды

Түркия үкіметі жанындағы Апаттардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша қирандылардың астынан 32 адам құтқарылған.

Зардап шеккен 140 адамның 12-сі ауыр жағдайда жатыр.

Құлаған 31 ғимараттың  7 аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Іздестіру-құтқару операциясына 650 адам жұмылдырылды.

Хабарланғандай, кеше Түркияның Малатия провинциясында магнитудасы 5,6 балл болатын жер сілкінісі тіркелді.

Бүгін Түркияның Малатия провинциясында магнитудасы 4,1 болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 05:18-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Ешилюрт аймағында орналасқан. 

Еске салайық, 6 ақпанда  Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында магнитудасы 7 баллдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер елдің 11 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Мамандар аймақта  дүмпулер тағы жарты жыл бойы жалғасады деп болжап отыр.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін үйінділерді шығаруға 88 елден 11 мың құтқарушы қатысты, сондай-ақ іздеу-құтқару жұмыстарына Астана мен Алматы қалаларының, Ақмола және Қарағанды ​​облыстарының құтқарушылары қатысты.

Сондай-ақ 20 ақпанда Хатай провинциясында 6,4 және 5,8 балдық екі жер сілкінісі тіркелді.