Әлем • 28 Ақпан, 2023

Эквадордан банан тасымалдаушылар есірткімен ұсталды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эквадор полициясы Бельгияға банан тасымалдап бара жатқандардан 8,8 тонна есірткі тәркілеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эквадордан банан тасымалдаушылар есірткімен ұсталды

Полиция басшысы Фаусто Салинастың айтуынша, табылған есірткінің жалпы кұны 330 миллион доллар.

Өткен жылы Анд елінен 200 тоннаға жуық есірткі тәркіленген. Оның көбі Гуаякияль портынан табылған.

Эквадор ең көп банан экспорттайтын ел болғандықтан, контрабандистер үнемі заңсыз есірткілерді тауарлардың арасына тығып, алып өтпек болады.

Бұл жолы есірткілер банан салынған контейнердің ішінен табылған.