Қазақстан • 27 Ақпан, 2023

Жыл басынан бері 70-ке жуық сайт бұғатталды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жыл басынан бері есірткі жарнамалаған 70-ке жуық сайт бұғатталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің өкілі Данияр Оралов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері 70-ке жуық сайт бұғатталды

Оның айтуынша, ІІМ мамандары есірткінің таралуы туралы ақпарат таратылған сайттарды, жазбаларды, блогтар мен жарнамаларды анықтау үшін интернетті бақылап отырады.

Былтыр «Кибернадзорға» есірткі жарнамалайтын 1996 сайт бұғаттауға жіберілген, оның 1493-і бұғатталды.

«Осылайша, 2022 жылы аумақтық бөлімшелер телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, есірткіні таратумен айналысқан 632 адамды ұстады, оның ішінде 26-сы чат-боттардың әкімшілері мен ұйымдастырушылары, 74-і есіртікіні бөліп, сақтаушылар, 364-і курьерлер, 58-і зертханаларды ұйымдастырушылар және 26-сы граффити сызбаларын қолдануға арналған трафаретшілер. 84 интернет-дүкендер мен чат-боттар анықталды», деді Данияр Оралов Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында.

Жылдың басынан бері 179 интернет-ресурс бұғаттауға жіберілді, 69-ы бұғатталды.