Сайлау • 27 Ақпан, 2023

Сайлау-2023: ОСК құрамына тағы 52 байқаушы ұсынылды

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушыларды тіркеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлау-2023: ОСК құрамына тағы 52 байқаушы ұсынылды

2023 жылдың 20 қаңтарында Халықаралық байқаулар институты ашылғаннан бері ОСК 14 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 111 байқаушыны тіркеді.

Бүгін аккредиттеуден өтуге тағы 52 байқаушы, атап айтқанда:

  • Үндістаннан – 3;
  • Молдовадан – 2;
  • ТМД байқаушылары миссиясынан – 17;
  • ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан – 28;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымынан – 2 байқаушы ұсынылды.