Әлем • 27 Ақпан, 2023

Түркияда жер сілкінісі болды

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның шығыс аймағында магнитудасы 5,2 болатын тағы бір жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда жер сілкінісі болды

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте болды.

Сейсмологтар жер сілкінісінің күшін 5,2 балл деп бағалады. Жаңа жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.

Бүгін Түркиядан бөлек Қытай мен Қырғызстан шекарасында да екі рет жер сілкінді. Жерасты дүмпулері Тәжікстанда сезілді.