Бағдарламалар • 26 Ақпан, 2023

Талап күшейтілді

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы стипендия­сының үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер шет тілін меңгергенін растауға тиіс.

Талап күшейтілді

Кандидаттар өтінім берген кезде шет тілінен емти­хан тапсырғаны туралы сер­тификат ұсынады. Мәсе­лен, ағылшын тілінде магис­тратураға түсушілер нәтижесі 9.0-ден кем дегенде 6.0 IELTS, PBT 677-ден 498, IBT 120-дан 60 TOEFL сертификаттарын, тағылымдамадан өтушілер IELTS 5.0, PBT-417, IBT-35 TOEFL, DET 75 сертификаттарын ұсынуға тиіс.

– Биыл «Болашақ» бағдар­ламасының конкурстық іріктеу ережелері жетілдірілді. Бұл шара кандидаттардың құрамын сапалық жағынан арттыру үшін қабылданды. Шетелдік жоғары оқу орнының докторантурасына түсетін қазақстандықтарды қоспағанда, «Болашақ» үміт­кер­лері шет тілін меңгерудің жо­ғары деңгейін растауы қа­жет, – деді Халықаралық бағдар­ламалар орталығының басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап «Бо­лашақ» стипендиясын та­ғайын­дау конкурсына же­­ңіл­дігі бар кан­дидаттарды қос­­пағанда, жетекші шетелдік жо­­ғары оқу орнынан шартсыз ша­­қыруы бар үміткерлер ғана қатыса алады. Сонымен қатар В1 және одан жоғары деңгейі бар мем­лекеттік тілден ем­ти­хан тап­сырғаны туралы ҚАЗТЕСТ сер­тификатын ұсыну талабы да қойылады.

Биыл «Болашақ» бағдар­ламасы аясында 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде 395 стипендия магистратура/резидентура, 50 стипендия докторантура бағдарламаларына үлестірілген, сондай-ақ тағы­лы­мдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

Айта кетейік, құжат қа­был­дау және конкурстық ірік­теу толығымен автомат­тан­дырылған. Бұл халықаралық стипендия тағайындау кон­кур­сының ашықтығын қам­тамасыз етеді. Үміткерлер өңір­­­лерден шықпай-ақ өтінім бе­реді және іріктеудің барлық ке­зеңінен өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15