Қазақстан • 24 Ақпан, 2023

Еліміздің алты облысында 16 жол жабық тұр

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еліміздің алты облысында 16 жол жабық тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің алты облысында 16 жол жабық тұр

Атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тасжолдар жабық.

Сонымен қатар бүгін кешкісін Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылған.

Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов» тасжолының Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі аралығында қозғалыс шектелді.