Ауа райы • 24 Ақпан, 2023

Еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республиканың 12 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 25 ақпанда Алматыда тұман, көктайғақ күтіледі.

Абай ауданында қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында төмен қарлы боран. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с болады.

Күндіз Алматы облысында тұман, көктайғақ болжанып отыр. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

24-25 ақпанда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің алаптарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Сондықтан қар басқан беткейлерге кіру ұсынылмайды.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр). Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ, төмен қарлы боран. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде, шығысында төмен қарлы боран, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. 

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстікте оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Күндіз Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл соғады. 

Павлодар облысының оңтүстігінде аздаған бұрқасын күтіледі. 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.