Қоғам • 23 Ақпан, 2023

Шетелдіктер үшін ЖСН рәсімдеу ережелері өзгерді

372 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанға уақытша келген шетел азаматтарына ЖСН рәсімдеу ережелеріне өзгеріс енгізілді. Ішкі істер министрі тиісті бұйрық шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетелдіктер үшін ЖСН рәсімдеу ережелері өзгерді

ЖСН алу үшін шетелдік немесе оның заңды өкілі келген жері бойынша мемлекеттік корпорация немесе веб-портал арқылы өтінішпен көші-қон полициясына жүгінуге тиіс. Сонымен қатар енді шетелдіктер ЖСН-ін түзете алады. Мұнда да жоғарыда айтылған тәртіппен, құжаттарды қоса ұсына отырып, тұрғылықты жері бойынша өтініш береді. ІІМ операторы өтінімдердің дұрыстығын тексеріп, ЖСН қалыптастыру не түзету рәсімін жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде келесі құжаттарды қоса беру қажет:
  • өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжат (егер тиісті тараппен немесе ҚР Үкіметімен келісімде өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды шетелдік паспорт). Егер шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латын әліпбиінде анықтама деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері) жазылуы болмаса, құжаттың тиісті нотариалды куәландырылған аудармасын беру қажет;
  • нотариалды куәландырылған сенімхат (өкіл жүгінген кезде).

Портал арқылы жүгінген кезде:

  • шетелдік өкілінің ЭЦҚ-мен расталған электрондық сұрау салу;
    жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (егер тиісті тараппен немесе ҚР Үкіметімен келісімде өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды шетелдік паспорт). Егер шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латын әліпбиінде анықтама деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері) жазылуы болмаса, құжаттың тиісті нотариалды куәландырылған аудармасын беру қажет;
  • өкіл жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
    Қазақстан Республикасы сотының бас бостандығынан айыруға үкімі бойынша сотталған шетелдіктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және реттелмеген мәртебесі бар адамдарда жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған кезде мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш негіз болып саналады.

ЖСН түзету үшін құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну қажет:

  • өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжат (егер тиісті тараппен немесе ҚР Үкіметімен келісімде өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды шетелдік паспорт). Егер шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латын әліпбиінде анықтама деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері) жазылуы болмаса, құжаттың тиісті нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беру қажет;
  • орнату деректерін өзгерту туралы куәлік;
  • өкіл жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.