Қоғам • 23 Ақпан, 2023

Әскери қызметкерлердің жалақысы өседі

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Сенат отырысында Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары, әскери жоғары оқу орындарының оқытушылары мен әскери дәрігерлердің жалақысы 30%-дан жоғары өсетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери қызметкерлердің жалақысы өседі

Қорғаныс министрінің орынбасары атап өткендей, бүгінде кейбір әскерилердің жалақысын көтеру туралы ұсыныстар қолдау тапты.

«Үкімет әскери-әуе күштері ұшқыштарының жалақысын көбейту туралы ұсынысты қолдады. Биыл әскери жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеру мәселесі қарастырылып жатыр. Әскери қызметкерлердің келесі санаты – әскери дәрігерлер. Жалақыны азаматтық сектордағы медицина қызметкерлерінің деңгейіне дейін көтеру ұсынысы да Үкімет тарапынан қолдауға ие болды», деді Сұлтан Камалетдинов.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35