Ғылым • 22 Ақпан, 2023

Марста өмір бар ма?

910 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Корнелл астробиология зерттеу тобының пікірінше, Қызыл планетадағы ежелгі тіршілік белгілерін анықтау үшін Марсқа жіберілген заманауи аспаптар дәл бағалау жүргізе алмауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Марста өмір бар ма?

Ғалымдар Марстағы тіршілік белгілерін анықтау мақсатында көптеген жылдар бойы зерттеу жүргізіп келеді. Халықаралық Корнелл астробиология зерттеу тобы да геологиялық сынақтар жасап көрді. Алайда, заманауи технологиялық құралдар нақты мәлімет бере алмаған. 

21 ақпанда Nature Communications журналында жарияланған мақалада автор Альберто Фейрен бұл жайлы пікір білдірген.

«Марс тау жыныстарындағы кез келген органикалық материалды заманауи аспаптар мен әдістер арқылы анықтау қиын. Бізге нақты мәлімет алу үшін Марсқа күрделі технологиялық құралдарды орнатып, геологиялық үлгілерді Жерге жеткізу қажет», деп жазды ғалым.

Қазіргі уақытта NASA Еуропалық ғарыш агенттігімен және басқа ұйымдармен Perseverance ровері жинаған Марстың геологиялық үлгілерін жерге алып келу мақсатында бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Фейреннің айтуынша, Розалинд Франклин деп аталатын алғашқы еуропалық Ровер 2028 жылы іске қосылады.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03