Экономика • 21 Ақпан, 2023

Дала жұмысына дайындық

347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды аймағында дала жұмыстарына дайындық басталды. Биыл дәнді дақылдар 1,1 млн гектар жерге себіледі. Бұдан бөлек, картоп пен көкөніс алқабы да ұлғаяды.

Дала жұмысына дайындық

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

– 2023 жылы ауыл ша­руашылығы дақыл­дары­ның көктемгі егісі – 1 105,5 мың гектар. Бұл өткен жылғы деңгейден 43,7 мың гектарға артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 957,2 мың гектарға, майлы дақылдар – 59 мың гектарға, жемшөп дақылдары 76,2 мың гектарға себіледі. Ауыл шаруашылығы құры­лым­дарында картоп салу 12 мың гектар аумаққа жос­пар­­ланған. Бұл өткен жыл­мен салыстырғанда 526 гектарға, көкөніс 1,7 мың гектарға артық, дейді ауыл шаруа­шылығы басқар­ма­сы­ның басшысы Асқар Санаубаров.

Басқарма басшысының айтуынша, тұқымға қа­тыс­ты проблема жоқ. Ре­про­дукциялы және элиталы тұ­қымдар сіңіріледі. Мұның сыртында, минералды ты­ң­айт­­­қыштарды да молынан қол­дану көзделіп отыр. Ма­ман­дардың сөзін­ше, бұл – жерді ұтымды пай­даланып, өнімділікті арт­тыруға аса қажет қадам.

Өңірде суармалы жердің көлемі де ұлғаятынын атап өтуге тиіспіз. Техникадан да мәселе туындамауға тиіс. Бас­қарма жария еткен деректерге жүгінсек, бү­гінде егіс науқанына 10 мыңға жуық трактор, 248 егіс ке­ше­ні және 4774 сеп­кіш са­қадай сай.

Жанар-жағармайдан да тапшылық көрмейтінін айтады құзырлы орындар. Осы мақ­сатта арзандатылған ди­зель­мен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойыл­ған. Көктемгі егіс жұмыс­та­­рына фермерлер «Кең дала» жеңілдікті несие бағ­дарламасы бойынша мем­лекеттік қолдауды пай­да­ланады. Бұдан басқа, бюд­жеттен субсидиялар беруге, оның ішінде, тұқым шаруашылығын дамытуға, пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар сатып алуға қаражат бөлінді.           

Қарағанды диқандары  көк­темгі егіске мамыр айынан бас­тап кірісеміз деп жоспарлап отыр.

 

Қарағанды облысы