Әлем • 21 Ақпан, 2023

Ұлыбританияда 10 жасар қыз Димаштың жанкүйерлеріне қазақ тілін үйретті

823 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінде Димаштың жанкүйерлерімен кездесу өтті. Кездесуде Кәусар Ғалымжанқызы британдықтарға қазақ тілін үйретті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбританияда 10 жасар қыз Димаштың жанкүйерлеріне қазақ тілін үйретті

Бұл туралы журналист Ғалымжан Қараманұлы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Кәусар қызым Британияда қазақ тілін насихаттап жүр. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіне Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жиналып, өте мазмұнды кеш өтті», деп жазды ол.

Кездесу барысында жанкүйерлер Димаштың әндерін орындаған. Оларға арнайы дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Тыңдармандар қайырымдылық шараларына 1 миллион теңге аударғанын да атап өту керек.

«Диерстар Қазақстанға қайырымдылыққа 1 млн теңге аударды. Бұл ақшаға балалар үйінің тәрбиеленушілері музыкалық аспаптар сатып алады», деді Ғалымжан Қараманұлы.

Кәусар «Балапан» телеарнасында балаларға ағылшын тілін үйретеді, ал кездесуде Димаштың тыңдармандарына қазақ тілін үйретті. Жанкүйерлер оған сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді.

«Кәусар сондай сүйкімді және ағылшын тілін жақсы меңгерген. Қазақшасы да ғажап!», деді тыңдармандардың бірі Майкл.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03