Аймақтар • 21 Ақпан, 2023

ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстың таулы аймақтарындағы қолайсыз ауа райына байланысты 21 ақпан мен 23 ақпан аралығында өздігінен қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, таулы аймақтарда желдің күшеюі, ауа температурасының күрт көтерілуі және қар жамылғысының тұрақсыздығы күтіледі.

Тұрғындарға тауға барудан бас тартуға кеңес берілді.

«Көптеген қар көшкіні ошақтары жолдарға қауіп төндіреді. Олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамай, қауіпті аймақтан тез шығып кеткен жөн. Төтенше жағдайға тап болсаңыз, ұялы телефон арқылы барлық жедел қызметтерге қоңырау шалыңыз», деп еске салды ТЖД.