Қазақстан • 20 Ақпан, 2023

Былтыр 22 мыңнан астам адам Қазақстан азаматтығын алды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ІІМ-нің апталық брифингінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Былтыр 22 мыңнан астам адам Қазақстан азаматтығын алды

Жыл сайын 20 мыңға жуық тілек білдірушілер ел азаматтығын алу мәселесі бойынша жүгінеді. Тәуелсіздік жылдары бір миллионнан астам адам Қазақстан азаматтығын алды, ал өткен жылы – 22 мың адам, оның ішінде ҚР Президентінің Жарлығымен – 1375, жеңілдетілген тәртіппен – 20 мыңнан астам адам азаматтыққа қол жеткізді.

ІІМ БҰҰ БЖКБ-ның Қазақстандағы өкілдігімен және ҮЕҰ-мен бірлесіп екі жыл ішінде құжатсыз және азаматтығы жоқ адамдарды анықтау және тіркеу бойынша кең ауқымды акция өткізген. Акция нәтижесінде азаматтығы мен құжаттары жоқ 8 мыңнан астам адам анықталған. Оның ішінде 5 мың адам Қазақстан азаматтығына жататынын растады және жеке куәліктері рәсімделді. 3 мыңнан астамына азаматтығы жоқ адамның куәлігі берілген.