Аймақтар • 19 Ақпан, 2023

Екібастұзда жылу қазандықтары іске қосылды

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұзда ЖЭО-да 6 қазандық іске қосылды, деп хабарлайды  Egemen.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Екібастұзда жылу қазандықтары іске қосылды

«2023 жылдың 18 ақпанында сағат 04:37-де Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданды. Нәтижесінде салқындатқыш температурасының параметрлерін төмендету арқылы су жылыту қазандықтары тоқтатылды. Шамамен сағат 20:00 кезінде жөндеу жұмыстары аяқталды, коллекторды толтырғаннан кейін сағат 23:00-де жылу желісінің параметрлерін көтеру үшін кезек-кезек су жылыту қазандықтарын іске қосылуы басталды. Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы 70 градус», делінген хабарламада.

Оқиға орнында ТЖМ, Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен облыс әкімдігінің жедел штабы жұмыс істеп жатыр.