Қоғам • 17 Ақпан, 2023

Шекаралас аймақтағы ауылдардан көшетіндер саны артты

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Серік Шайдаров шекаралас аймақта халық санының аз болуы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекаралас аймақтағы ауылдардан көшетіндер саны артты

Серік Шайдаровтың сөзінше, қазіргі уақытта Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарынан азаматтар үдере көшіп жатыр. 

«Бұл түптеп келгенде аймақтар арасындағы әлеуметтік және экономикалық теңсіздікке ғана емес, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін. Әсіресе шекаралас аймақтардағы елді мекендерде халық аз қоныстанса»,  деді ол. 

«Инфрақұрылымның тозуы мен жұмыс орнының жоқтығы аймақтардағы миграциялық процесті жеделдететінін түсіну керек. Сондықтан алдағы уақытта аймақтарда жұмыс орындарын ашу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту орталық және жергілікті биліктің басты міндетіне айналуы қажет», деп қосты сенатор. 

Сенатор 2010-2020 жылдар аралығында Ақтөбе облысы, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларына көптеп көшкен. Қазір бұл аймақтарда жалпы халықтың 36%-ы тұрады екен. 

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025