Әлем • 17 Ақпан, 2023

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артып келеді

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия билігі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 044-ке жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артып келеді

Кейінгі мәліметтер бойынша Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адьяман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элазыг қалаларында болған жер сілкінісінің салдарынан барлығы 38 044 адам қаза тапты. 

Хатай провинциясының тұрғындары жақында тағы да дүмпуді сезінді. Ақпан айының басындағы жер сілкінісінен кейін бірнеше ғимарат қирады.

Жаңа жер сілкінісінің ошағы Жерорта теңізінің шамамен 10 шақырым тереңдігінде болды. Ол түрік жағалауынан шамамен 5 шақырым қашықтықта орналасқан.