Әлем • 17 Ақпан, 2023

Түркияда үйінді астында 261 сағат жатқан екі ер адам құтқарылды

1265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мехмет Али Шакироглу мен Мұстафа Авчи жер сілкінісінен 261 сағат өткен соң Антакияның Одабаши ауданындағы қирандылар астынан құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда үйінді астында 261 сағат жатқан екі ер адам құтқарылды

Антакиядағы Одабаши көшесіндегі үйінділерді тазалаған құтқару тобы қираған үйдің қабырғаларының арасынан екі азаматты құтқарды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

6 ақпанда эпицентрі Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Зілзала елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.

Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36,1 мыңнан асты.