Әлем • 16 Ақпан, 2023

Тәжікстанда қар көшкінінен 10 адам қаза тапты

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәжікстанда 15 ақпанда қар көшкіні салдарынан 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған елдің Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Тәжікстанда қар көшкінінен 10 адам қаза тапты

Ведомствоның мәліметінше, Душанбе - Варзоб тасжолында қар көшкіні төрт көлікті басып қалған. Салдарынан бір адам қаза тапқан. Вандж аймағында қалың қар жаууына байланысты қар көшкіні жүріп, тағы бір адам қаза тапқан.

«Хорог қаласында сегіз адам қар көшкінінің құрбаны болған. «Хорог» қаласында қар көшкіні салдарынан 22 тұрғын үй бүлінді: төрт үй толығымен, 18-і жартылай бүлінген. Табиғи апат салдарынан сегіз жергілікті тұрғын қаза болды», делінген ТЖК хабарламасында.

Құтқарушылар тоғыз адамды аман алып қалған.