Сайлау • 15 Ақпан, 2023

Алдағы сайлауға тағы жеті шетелдік байқаушы тіркелді

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауына тағы жеті шетелдік байқаушы тіркелді. Бұл туралы ОСК хатшысы Мұхтар Ерман хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алдағы сайлауға тағы жеті шетелдік байқаушы тіркелді

«Ресми тіркеу сәті басталғалы бері алты шет мемлекеттен, үш халықаралық ұйымнан 72 бақылаушы аккредитациядан өткен. Сыртқы істер министрлігі тағы үш мемлекеттен жеті бақылаушыны тіркеуді ұсынды. Атап айтқанда, ОСК шақыруы бойынша Армения Республикасынан - екі, Грузиядан - екі бақылаушы Қазақстанға келеді», деді ОСК хатшысы.

Мұхтар Ерманның айтуынша, Франция Республикасынан да үш кандидат тіркеуге ұсынылған.

ОСК ұсынылған бақылаушыларды тіркеу туралы қаулы қабылдады.