Заң • 15 Ақпан, 2023

Өзбекстанда сотталған қазақстандықтар жазасын елде өтей алады

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстанда сотталған қазақстандықтар жазасын елде өтей алады

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», делінген ресми хабарламада. 

Сонымен қатар Президент «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.