Әлем • 15 Ақпан, 2023

Үйінді астында 212 сағат жатқан 77 жастағы әйел құтқарылды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Адьяман провинциясында жер сілкінісінен кейін 212 сағат өткен соң үйінді астынан 77 жастағы әйел тірідей шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Үйінді астында 212 сағат жатқан 77 жастағы әйел құтқарылды

77 жастағы Фатма Гунгёр провинция астанасында құлаған ғимараттың қирандылары арасынан шығарылды. Зардап шеккен әйел дереу ауруханаға жатқызылды.

Айта кетсек, Түркияда болған жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 35 мыңнан асты.

Өткен дүйсенбі, 6 ақпанда Кахраманмараш провинциясында жеті баллдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04:17-де – 7,7 балл және 13:24 – 7,6 балл).

Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Корея, Грекия Кипрінде және Иракта да сезілді.