Тағайындау • 15 Ақпан, 2023

Елдос Нәшірәлі Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Елдос Бигелдіұлы Нәшірәлі министрлікке қарасты Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz  ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елдос Нәшірәлі Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Елдос Нәшірәлі 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Тараз мемлекеттік университетін, Мэсси университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы жекеменшік компанияда менеджер болып бастады.

2006-2007 жж. – Тараз қ. әкімдігінде бас маман.

2010-2012 жж. Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2012-2016 жж. – ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы; Баспасөз қызметінің сарапшысы, консультанты, инспекторы.

2016-2018 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласындағы мемлкетттік саясат департаментінің директоры.

2018-2021 жж. – «Хабар» агенттігі» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары.   

2021-2022 жж. – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ, «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының м.а., басқарма төрағасы.

2022 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және протокол департаментінің директоры болып жұмыс істеді.