Сайлау • 15 Ақпан, 2023

ОСК «АМАNАТ»-тың партиялық тізімін тіркеді

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссия Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға «АМАNАТ» партиясының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ОСК «АМАNАТ»-тың партиялық тізімін тіркеді

«АМАNАТ партиясының партиялық тізімінде 90 адам бар. Оның ішінде 29 адам әйелдер. Жастар және мүгедектер жалпы санның 32,2% құрайды. Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін тексерді. Партиялық тізімге енгізілген тұлғалардың барлығы Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сай», деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Оның айтуынша, 2021 жылдың 10 қаңтарында өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауда «АМАNАТ» партиясы 71,09 пайыз дауыс жинаған, осыған байланысты партия сайлау жарнасын төлеуден босатылған.

7 ақпанда өткен кезектен тыс съезде «АМАNАТ» партиясынан үміткерлер тізімі бекітілді. Оған партиялық тізім бойынша 90 адам, бір мандатты округтерден 29 адам кірді. Осылайша, алдағы сайлауға қатысуға 119 кандидат ұсынылып отыр. 

Қазақстанда Мәжіліс депутаттарының сайлауы 19 наурызда өтеді. Дәл осы күнге мәслихат депутаттарын сайлау белгіленді.