Оқиға • 13 Ақпан, 2023

Екібастұз-Ағадыр электр беру желісі ажыратылды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі 2023 жылдың 13 ақпанында Екібастұз-Ағадыр 500 кВ Л-5170 электр беру желісі ажыратылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұз-Ағадыр электр беру желісі ажыратылды

Осыған байланысты аварияға қарсы автоматика арқылы Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Алматы, Түркістан қалаларында электр энергиясы бойынша шектеулер енгізілді.

Зақымдану орнын анықтау үшін «KEGOC» АҚ мамандандырылған бригадасы шықты. Сондай-ақ Жамбыл ГРЭС-ін және Мойнақ ГЭС-ін қосымша жүктеу бойынша шаралар қабылданды.