Қазақстан • 12 Ақпан, 2023

Түркияда қазақстандықтар іздеу-құтқару жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда қазақстандықтар іздеу-құтқару жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр

Бүгінге дейін Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Қайтыс болған 39 адамның, оның ішінде 2 баланың денесі үйінді астынан шығарылды. Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне күніне орта есеппен 35-тен астам зардап шеккен адам медициналық көмекке жүгінеді.

Күн сайын жеке құрамның жылыту пунктіне зардап шеккендердің туыстары мен жақындары, орта есеппен 40-50 адам кіріп жылынады.