Аймақтар • 12 Ақпан, 2023

Павлодарда тарихи мешітке күрделі жөндеу жасалды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласындағы тарихи көне мешіттердің бірі – Бижан мешіті күрделі жөндеуден өтіп, жамағатқа есігін қайта ашты, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда тарихи мешітке күрделі жөндеу жасалды

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты шараға Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов және  қаланың қадірлі ата-апалары, ардагерлер, мешіт жамағаты  қатысты.  Шара аталмыш мешіттің бас имамы Әбдісамат Айтқазыұлының қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. 

– Күрделі жөндеуден өтіп, ұлғайтылған  Бижан  мешіті 200-ге жуық жамағат бір мезгілде намаз оқи алатын мүмкіндікпен қамтылған. Имамдар бөлмесі, әйелдер намаз оқитын және дәріс алатын, қызметшілер бөлмелері, сонымен қатар жамағаттың сырт киімдерін шешіп, арнайы дәрет алып, жуынатын  орындар қарастырылған, – дейді баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы.

Бижан – мешіті алғаш осы өңірдегі Бижан Шоқыбасұлы есімді  мецанаттың ұйымдастыруымен 1923 жылы қарағай  ағашымен салынып, 1991 жылға дейін кеңес үкіметі дәуірінде де үзіліссіз діни қызмет атқарып келген жалғыз мешіт. Мешіттің негізін қалаушы Бижан Шоқыбасұлы 1931 жылы  тұтқындалып, Ресейдің Қарасуық қаласында түрмеде қайтыс болған. Көп уақытқа дейін Бижан есіміне тыйым  салынған. 

Ал 2005 жылы Павлодар қаласының тумасы Рахат Маруанұлы өз қаражатымен ескі  Бижан  мешітін қайта тұрғызып, жаңғыртып, елдің алғысына бөленген.