Аймақтар • 11 Ақпан, 2023

Павлодар облысында мектептен өрт шықты

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында мектептен өрт шықты

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 ақпан күні сағат 7:34-те Тереңкөл ауданы Бобровский ауылдық округінің  Жасқайрат орта мектебінде төбесінен түтін шыққаны жөнінде хабарлама түскен.

«Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнына келгенде Жасқайрат  орта білім беру мектебінің бірінші қабатының төбесі өртенгені анықталды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің жану аумағы 25 шаршы метрді құрайды», деп түсіндірді департамент өкілдері.

Тілсіз жау сағат 9:03-те оқшауланып, сағат 9.50-де толығымен жойылды.

Өртті сөндіруге Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің үш техникасы мен 12  қызметкері жұмылдырылды. 

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.