Қазақстан • 11 Ақпан, 2023

Қазақстан дәрігерлері Газиантеп қаласында медициналық пункт ашты

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия Республикасының Газиантеп қаласында Қазақстан ТЖМ дәрігерлері медициналық көмек көрсету пунктін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан дәрігерлері Газиантеп қаласында медициналық пункт ашты

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою мақсатында көмек көрсету үшін жіберілген құтқарушылар жасағының құрамында Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмыс істейді.

Газиантеп қаласының тұрғындарын тәулік бойы медициналық қабылдау барысында Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жиырмаға жуық науқасқа, олардың ішінде екі балаға консультациялық және білікті медициналық көмек көрсетті.