Аймақтар • 10 Ақпан, 2023

Қостанай облысының 55 жастағы тұрғынынан есірткі табылды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік полицейлері Қостанай облысының 55 жастағы тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысының 55 жастағы тұрғынынан есірткі табылды

Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын сақтаған Қостанай облысының 55 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

«Жеке тінту шаралары кезінде ұсталған азаматтан психотроптық зат салынған үш полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 2,30 грамм, ірі мөлшердегі альфа-PVP синтетикалық есірткі заты екендігі анықталды», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.