Музей • 08 Ақпан, 2023

Мәншүк шай ішкен самаурын

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодардағы Әскери даңқ музейінде Мән­шүк Мәметованың жез самаурыны сақта­лып тұр. Музей қызмет­кер­ле­рінің айтуынша, дәл осы самаурынды ұстағысы ке­ле­тін оқу­­шылардың қа­ра­сы қа­лың көрінеді.

Мәншүк шай ішкен самаурын

Әскери даңқ музейі ата-бабаларымыздың ерлік жолын жас ұрпаққа насихаттауда ерекше көзге түсіп жүр. Потанин атындағы та­­рихи-өлкетану музейінің қыз­­­­меткері Же­ңісбек Қадыр­ұлының айтуынша, жәдігер 2014 жылы тапсырылған. Оны «Май­дан жолы» іздес­тіру жа­сағының мүшесі, қо­ғам бел­сен­дісі Жұмабек Қам­зин Не­вель­ден арнайы алып келген.

ыпвр

– Сол жылдары Ресей­­дің Псков облысы Не­вель қала­сына экспедиция ұй­ым­­дастырылды. Жа­сақ мү­шелері қазақ жауын­гер­ле­рінің ерлік жасаған өңір­ле­рін аралап, белгісіз жа­уын­герлердің жерленген зираттарын іздестірді. Ре­сейлік іздестірушілер Мән­шүк Мәметова пай­даланған самаурынның табылғаны туралы айтқан екен. Содан Жұмабек ағамыз оны аттай қалап сұрап алады да біз­дің музейге әкеліп тапсырды. Былтыр қазақтың ба­тыр қызының туғанына 100 жыл толуына орай музей­де мектеп оқушылары мен сту­денттердің, қала қонақ­та­рының қатысумен еске алу кештері өтті. Онда осы жә­­дігер жөнінде кеңінен әң­гі­меленіп, қаһарманның өмі­­­рінен деректер айтылды. Самаурынға қатысты тың мәліметтерді жинадық. Даңқ­­­ты пулеметші қыз пай­да­ланған жәдігер бүгінде му­зей­ден өзінің лайықты орнын тапты, – дейді ол.

Мәншүк Мәметова 1943 жылы Невель тү­бінде ер­­лікпен қа­за тапқаны та­рих­­тан бел­гілі. Екінші дү­ние­жүзілік со­ғыс кезінде 95 әйел Кеңес Одағының Баты­ры атағын алған. Ал оның екеуі қазақ қызы еді. Ұрпақ ба­қыты, ұлт болашағы үшін жан берген апа­ларымыздың ерлігі осындай жәдігерлер арқылы ел есінде жаңғыра бермек.

 

ПАВЛОДАР 

Соңғы жаңалықтар

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Өнеркәсіпке енгізілген жасанды интеллект

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

ЖИ стартабын қалай құруға болады?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25

Тайшықовтың тағдыр-талайы

Зерде • Бүгін, 08:10

Ескерткіш тақта орнатылды

Тағзым • Бүгін, 08:05

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:03

ЖИ-дің негізін қалаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Фариза мектебінің мерейі

Руханият • Бүгін, 07:50

Қараңғыдан жарыққа жол тапқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45