Білім • 08 Ақпан, 2023

Түркияда оқып жүрген Қазақстан студенттерінің саны қанша?

674 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрлігі Түркияда оқып жүрген студенттер туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда оқып жүрген Қазақстан студенттерінің саны қанша?

«ҚР Түркиядағы Елшілігінің ақпараты бойынша 8 000-нан астам ҚР азаматы Түркияның жоғары оқу орындарында оқиды, оның ішінде 11-і «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары. Сондай-ақ Түркияда академиялық ұтқырлық шеңберінде оқитын қазақстандық жоғары оқу орындарының 190 студенті бар», деп жазылған хабарламада.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі апатты жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарды шетелдік жоғары оқу орындарынан ауыстыруға болатынын хабарлайды. Қазіргі уақытта қазақстандық жоғары оқу орындары ел азаматтарын және қандастарды қабылдауға дайын.