Қоғам • 08 Ақпан, 2023

«АМАNАТ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«АМАNАТ» партиясы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«АМАNАТ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды

«Бүгін «АМАNАТ» партиясы Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімді тапсырды. Республика бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттарға өтініш бердік, 3821 адам мәслихат депутаттығына кандидат болды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 119 кандидатты ұсындық. Партиялық тізімде квота заңды түрде сақталған: 30%-дан астамы – әйелдер, жастар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар. Сайлау адал әрі әділ өтеді деп ойлаймыз», деді «АМАNАТ» партиясының жауапты хатшысы Елнұр Бейсенбаев.

Бір күн бұрын «АМАNАТ» партиясы кезектен тыс съезінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітті.

Саяси кеңес бюросының шешімімен партиялық тізім бойынша 90 адам, бір мандатты округтерден 29 адам ұсынылды.

Алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысуға барлығы 119 кандидат мақұлданды.

Қазақстанда Мәжіліс депутаттарының сайлауы 19 наурызда өтеді. Дәл осы күнге мәслихат депутаттарын сайлау белгіленген.