Қазақстан • 07 Ақпан, 2023

Түркиядағы қазақстандықтарға үндеу жасалды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркиядағы зілзалаға байланысты Қазақстан азаматтарын елге жеткізу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркиядағы қазақстандықтарға үндеу жасалды

«Құрметті Қазақстан азаматтары! 2023 жылдың 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс аумағында орын алған жер сілкінісіне байланысты 7 ақпанда Газиантеп қаласынан Қазақстан азаматтарын елге алып кету шаралары жүргізіле бастады. Осы ретте, Қазақстанға қайтамын деген ел азаматтары болған жағдайда 7 ақпан күні сағат 12:00-де Газиантеп қаласының әуежайында тиісті процедураларды өтіп (паспорт бақылауы, қауіпсіздік тексеріс және т.б.), дайын болуы тиіс», деп жазылған елшілік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанға оралуға ниетті азаматтар өздерін тізімге енгізу үшін төмендегі номерлерге хабарласуы керек:

  1. +90 538 880 70 41 - консул - Темірлан Сайлауұлы;
  2. +90 312 491 91 00 - кезекші комендант.