Қоғам • 07 Ақпан, 2023

Қостанайда пиязды заңсыз әкетпек болғандар анықталды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпы салмағы 160 тонна пиязды экспорттауға жасалған 8 әрекетті тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда пиязды заңсыз әкетпек болғандар анықталды

Пиязды экспорттауға тыйым салынғанына қарамастан, Ресей Федерациясына пиязды экспорттау әрекеттері жалғасып жатыр.

«Осылайша, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қайрақ» бақылау-өткізу бекетінде жалпы салмағы 160 тонна пиязды экспорттауға жасалған 8 әрекеттің жолын кесті. Қолда бар жедел ақпаратқа сәйкес, жабық өнімдерді пайдалана отырып, пиязды экспорттауға әрекет жасалып жатыр, осыған байланысты тыйым салынған тауарлардың, сондай-ақ уақытша тыйымдар мен шектеулер белгіленген тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттау/импорттауды бақылау, күшейтілген режимге ауыстырылды», деді министрлік.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 қаңтардағы бұйрығымен республика аумағынан пиязды 3 ай мерзімінде әкетуге тыйым салынғанын еске салды. 

Батыс Қазақстан облысындағы шекара бекетінен Түркістан облысына пияз тиелген 20-дан астам көлік қайтарылды.