Футбол • 06 Ақпан, 2023

ЦСКА сапындағы қазақстандық футболшы жарақат алды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы мен мәскеулік ЦСКА ойыншысы Бахтиёр Зайнутдинов төрт-алты апта бойы алаңға шыға алмайды, деп хабарлайды Egemen.kz meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

ЦСКА сапындағы қазақстандық футболшы жарақат алды

Медициналық тексерістен кейін ойыншының аяқтың төменгі бұлшықеттерінің сіңірлеріне зақым келгені белгілі болды. Бұған дейін футболшы қатарға қосылуға екі ай уақыт қажет екені хабарланған еді.

Айта кетейік, ЦСКА мен «Оренбург» арасындағы жолдастық матчта 24 жастағы ойыншы жараланып қалған.