Спорт • 06 Ақпан, 2023

Астанада каратэ-додан ел чемпионаты өтті

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада каратэ-до WKF-тен юниорлар мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада каратэ-додан ел чемпионаты өтті

Жарысқа еліміздің әр өңірінен 20-ға жуық командадан 421 спортшы қатысты.

«Каратэ елімізде ғана емес әлемде өте жақсы дамып жатыр. Мәселен, 2022 жылы өткен әлем чемпионатында Қазақстан командасы 129 мемлекеттің ішінен 5-орынға тұрақтады. Ал Азия чемпионатында Жапония мемлекетінен кейін екінші орынға ие болдық. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Алдағы уақытта каратэ спорт түрін дамыту мақсатында қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», деді Қазақстан каратэ-до WKF федерациясының вице-президенті Болат Хавлахат.

ш

Каратэ-до WKF спорт түрін Қазақстан Республикасында бұқаралық дамыту арқылы көпшілікке тарату мен спортшылардың спорттық шеберлігін жоғарылату жарыстың басты мақсаты мен міндеті болып саналады.

лз

«Бүгінгі Қазақстан Республикасының чемпионатындағы әрбіріміздің басты мақсатымыз – бірінші орынға ие болу, чемпион атану. Еліміздің әр өңірінен келген қарсыластарым осал емес, мықты спортшылар жетерлік. Олардың қайсысы болмасын жеңімпаз атануға лайықты», деді астаналық құрама команданың спортшысы Венера Жақсыбаева.

Турнирде алтын жүлдеге ие болған спортшылар әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.

ш