Қоғам • 06 Ақпан, 2023

Қазақстан полицейлері АҚШ-та тәжірибе жинақтады

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан полицейлері Америка шерифтерінің тәжірибесін зерттеу үшін АҚШ-қа барды, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Қазақстан полицейлері АҚШ-та тәжірибе жинақтады

ІІМ баспасөз қызметі нақтылағандай, сапардың мақсаты - АҚШ-тың полиция мен әлеуметтік бағдарланған полиция даярлау тәжірибесін үйрену.

Қазақстан полицейлері Делавэр, Вирджиния Штаттары полициясының және Монтгомери округінің полиция басқармасының әріптестерімен кездесті. Қазақстаннан келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері кандидаттарды іріктеу және жалдау процестері, жаңа және қолданыстағы қызметкерлерді оқыту бойынша оқу бағдарламалары, сондай-ақ қоғамдастыққа бағдарланған полиция қызметін ұйымдастыру тәсілдері туралы ақпарат алды.

«Есірткіге қарсы күрес академиясында және Федералды тергеу бюросының академиясында кездесулер кезінде кәсіби дайындық пен тиісті полиция инфрақұрылымына ерекше назар аударылды», деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Айта кетсек, тағылымды сапарды АҚШ-тың халықаралық есірткі айналымына және құқық қорғау қызметіне қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік департаментінің бюросы және АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырды.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті