Әлем • 06 Ақпан, 2023

Пәкістанда Уикипедия бұғатталды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күпірлік мазмұнда таралған ақпараттан кейін Пәкістанда Уикипедияның жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Пәкістанда Уикипедия бұғатталды

Пәкістанның телекоммуникация басқармасының өкілі Малахат Обейд материалдарды алып тастауға 48 сағат уақыт берілгенін айтты. Бірақ ол сұраныс орындалмаған.

Оның айтуынша, Пәкістан билігі уикипедия қызметкерлерімен әлі де келіссөздер жүргізіп жатыр және олардың талаптары орындалғаннан кейін ғана сайт қолжетімді болады.

2010 жылы Пәкістанда Youtube желісі де бұғатталған болатын. 2016 жылдың қаңтарында пәкістандықтарға бұл қызметті пайдалануға қайтадан рұқсат етілді. Бірақ кейбір ақпаратқа шектеулер қойылған.

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті