Эдинбург қаласында өткен кездесуде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасова және Heriot-Watt университеті меморандум аясында жүзеге асатын қадамдарды нақтылап, бірлесе атқаратын жұмыстар бойынша жоспар құрды.
Айта кетейік, бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білім беру жүйесін экономиканың сұраныстарына сай қайта форматтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, оның ішінде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жолымен іске асады деп күтіледі.