Аймақтар • 31 Қаңтар, 2023

Ақтөбе тұрғынынан ақша бопсалаған күдікті қамауға алынды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі ақша сомасын бопсалаушыны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақтөбе тұрғынынан ақша бопсалаған күдікті қамауға алынды

Қаңтар айының соңында полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны белгісіз адам қорқытып, 15 млн теңге бопсалағаны туралы арызданған.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында арнайы бөлімшенің жауынгерлері және ҰҚҚКБ қызметкерлері 34 жастағы ер адамды анықтап, жәбірленушіден ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұстады.

Күдіктінің 2022 жылдың соңында осындай қылмысы үшін жазасын өтегені анықталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті тергеу изоляторына қамалды.