Елорда • 31 Қаңтар, 2023

Елордада көлік саласын дамыту жұмысы ақсап тұр – Президент

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Астананың көлік жүйесін дамытуға қатысты жұмыстарды сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада көлік саласын дамыту жұмысы ақсап тұр – Президент

«Тағы бір маңызды мәселе – Астананың көлік жүйесін дамыту. Автокөлік саны жыл сайын көбейіп жатыр. Сол себепті, көлік кептелісі өте күрделі мәселеге айналды. Бұл, тіпті, қала тұрғындарының ашу-ызасын туғызып отыр. 

Мәселен, Мәңгілік ел даңғылы кептелістен көз ашпайды. Тәуелсіздік даңғылында салынып жатқан көпірдің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау қажет. Сонымен қатар, кіші айналма жолдың құрылысы созылып кетті. Оның үстіне, жаңа тұрғын үй кешендерін салғанда жол мәселесі толыққанды ескерілмей жатыр. 

Бір сөзбен айтқанда, көлік саласын дамыту жұмысы ақсап тұр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында.

Осы тұста Президент аталған мәселемен жүйелі түрде айналысуға шақырды. 

«Қала жолдарының жай-күйі де мәз емес. Мысалы, кейбір көшелер жыл сайын жөнделеді. Бірақ көктем шыққанда жолдың сапасы сын көтермейді. Ал кейбірі мүлдем қараусыз қалған. Бұл жол салу және жөндеу жұмыстары дұрыс жүргізілмейді деген сөз. Үкімет мен әкімдік мәселені арнайы бақылауына алу керек. Қажет болса, мердігерлерді ауыстыруға тиіс», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50