Аймақтар • 31 Қаңтар, 2023

Павлодар облысында ер адамнан заңсыз қару тәркіленді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақсу өңірінде рейдтік іс-шаралар кезінде ер адамнан заңсыз мылтықтар тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында ер адамнан заңсыз қару тәркіленді

«27 қаңтарда Камзин көшесінде тұратын үй иесінде атыс қаруын сақтау ережелерін бұзу фактісі анықталды. Қаруды сақтауға арналған сейфте қала тұрғыны бөгде заттарды да сақтаған. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Темірбек Шаудыров.

Оның айтуынша, ТОЗ-34 және Мозберг маркалы мылтықтары тәркіленген.

Барлығы екі күн рейдтік іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері 58 құқық бұзушылықтың жолын кесті, барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды.