Әлем • 27 Қаңтар, 2023

Қытай көліктеріне сұраныс артты

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжің компанияларында жасалған көліктердің сатылымы жылдан жылға артып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай көліктеріне сұраныс артты

Бейжің компанияларында жасалған көліктердің сатылымы тіпті Германиядағы көрсеткіштен асып түскен. Бұған дәлел былтыр шетелге 3 миллионнан артық көлік сатылған. Қазір бұл елде жаңа жыл мерекесі тойланып жатыр. Мереке қарсаңындағы жеңілдікке байланысты көліктерге деген сұраныс одан әрі артқан.

Ескеретін жағдай олардың 20 % жаңа энергия көздерінің көмегімен жүреді. Автокөліктерді сату және өндіру көлемі бойынша Қытай көш бастап келеді. Өткен жылы жаңа құрастырылған 27 млн көліктің 26,5-і сатылып кеткен.

Ал шетелге 3 миллионнан астам темір тұлпары сатылған. Мамандардың айтуынша, Қытай 700 мыңға жуық  көліктерді экспорттап, 120 пайыздық өсімге жетті. Еуропалық нарыққа ондаған жаңа  Қытай бренді шықты. 



Гүлшахра САНСЫЗБАЙ