Әлем • 27 Қаңтар, 2023

Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері ұсталды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері Жениш Разаков алаяқтық және өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz  Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері ұсталды

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегінде ІІМ тергеу қызметіне Б.А. есімді азамат шағымданып, Разаковқа қатысты шара қабылдауды сұраған.

«2017 жылдың күзінде бұрынғы вице-премьер Жениш Разаков сенімге кіріп, өзінің лауазымдық өкілеттігін пайдалана отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырамын деген желеумен 1 000 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны иемденген», делінген Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Осылайша жиналған материалдар негізінде, былтыр қазан айының басында Разаковқа қатысты Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 209-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ал биыл қаңтарда бұрынғы вице-премьер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда сот бұрынғы шенеунікті 24 ақпанға дейін қамауда ұстау туралы санкция берген. Тергеу жалғасып жатыр.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ