Қазақстан • 27 Қаңтар, 2023

Жақында сайланған Сенат депутаты қайтыс болды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда ғана Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған 45 жастағы Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды.  Ақпаратты Сенаттың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Жақында сайланған Сенат депутаты қайтыс болды

 

13 қаңтарда Гүлмира Кәрімова СҚО-дан Сенат депутаты болып сайланған. Оған 144 адам дауыс берген еді.

Гүлмира Кәрімова 1998 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

2008 жылы Көкшетау университетінде қаржы бакалаврының дипломын алған.

Еңбек жолын 1998 жылы Петропавл қалалық классикалық гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Түрлі жылдары қала мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.

2010-2013 жылдары – №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры;

2013-2017 жылдары – қалалық білім бөлімінің басшысы;

2021 жылдың қыркүйегінен бастап Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болды.