Ауа райы • 25 Қаңтар, 2023

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің алты облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ертең елордада күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. 

Жетісу облысында Алакөл ауданында оңтүстік шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында қарлы жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.  

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қарлы жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады деп күтіледі. 

Қызылорда облысының орталығында тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында боран соғады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз өңірдің көп бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 23 м/с құрайды. Петропавлда оңтүстік батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше